ӨСКІН

lat: ÓSKİN

зат. бот. 1. Тұқымнан өсіп шыққан өсімдік көгі.

Сөйтіп, ұрықтан өскін, одан өркен шығады да, өсімдік өсе бастайды (Т. Мұсақұлов, Ботаника).

Жас шалғынның әр жерінде қылтиып-қылтиып өніп келе жатқан жас өскіндер бар (О.Бөкеев, Мұзтау).

Табиғаттың барша өскіндері көктемде қайта жаңғырады, өседі, өршиді (С.Омаров, Өмір тынысы).

Көктемнің соңына ала ғана барша өскіні түгел пісіп болып жайлаудың төрт түлік атаулыға келсең кел деп жайқалып-ақ тұрған тұсы (К.Сегізбаев, Беласқан).

2. Уылдырық шашу кезеңінде аталығында қысқа жұмыртқа салғыш өскін өседі (Қ.Қайымов, Суасты әлемінің айнасы).