lat: ÓSKİNSHE
зат. бот. 1. Өсімдіктің өркен алар жеріндегі бүршік; өскін.
Қолайлы жағдайға түскен споралар әрмен қарай бөлінеді де, одан бірте-бірте өскінше өсіп шығады (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
Гидраның денесінде өскінше пайда болып, ол ұзарып өседі (Жалпы биология).
2. Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктердің (плаун, қырықбуын, қырыққұлақ тәрізділер) жынысты ұрпағы.
Тұқымды өсімдіктерде өскінше қысқарып, спорофиттің денесінде жетіледі. Өсімдіктердің эволюциясында, көптүрлілігінің сақталуында жынысты ұрпағының маңызы зор (Қаз. тілі термин. Биология).