ӨСКЕНДІК

lat: ÓSKENDİK

зат. 1. Көбейгендік, молайғандық.

2. ауыс. Ілгерілеушілік дамығандық, алға басқандық.

Мәдениетіміз бен ғылымымыз өскендігінің тағы бір айғағы екі тілді сөздіктер жасау болып отыр («Қаз. әдеб.»).

Бұл да өскендіктің белгісі шығар-ау! Әлде, өзгергендігіміздің кепілі ме? (М.Сәрсекеев, Туған жердің асылы).

Прозамыздың өскендігінде дау жоқ. Осы заманғы әдебиет талаптарына толық жауап береді (Қазақ әдеб.).