ӨТЕ

lat: ÓTE

үст. 1. Аса, сонша, ерекше.

Республикада жер асты сулары өте көп (С.Әбдірайымов, Шөл жайылым.).

Түрмеден қашқан өте дарынды бір домбырашы бар деп естідім (А.Сатаев, Дала күй.).

Сезімтал ұланына бір ой тастап,

Балжекең бір әңгіме кетті бастап.

Айтты ол Петерборда болғандығын.

Суреттеп сұлу сөзбен өте наштап (О.Шипин, Дастан.).

Күйреуік пен бұйырғын

Жеген малға көп жұғым.

Қойға өте құнарлы Көтере алмас құйрығын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. Тым.

Ерте айтсаң болар ма ең

Мүмкін сен сүйгенім?

Қарағым, кешір сен,

Мұныңды білмедім.

Жалынын жүректің

Өте кеш үрледің (Т.Айбергенов, Мен. ғашық.).

Зергерлік өте ерте заманнан келе жатқан өнер (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).