ӨТКІР

lat: ÓTKİR

сын. 1. Қайралып жүзі өткірленген, тез кесетін.

Онда жүгіріп келіп, мына өткір кездіктің үстіне кеудеңді төсей құла! (I.Есенберлин, Қаһар).

Қазір жүрегіне хирургтің өткір скальпелінің жүзі тиген мыңдаған науқас адамдар дерт зардабынан құтылып, құлан таза жазылып кетті (Е.Оразақов, Қайта соқ.).

Елжас өткір балтаның жаңқалағанын қызықтап, тақтайдың үлнтарын кертіп шапты (А.Жақсыбаев, Қайырлы.).

Түйеге салды қасқыр ауыздығын,

Білмейді қай жерінен бауыздарын.

Қан шапшып сандарынан судай ақты,

Тістері өткір екен жауыздардың (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

2. ауыс. Батыл, пысық, өжет дам).

Қыз ағасы Сәлімбай,

Өткір жігіт жалындай.

Өзі сері, көкпаршыл,

Талай салған салымды-ай (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Бірақ қаланың да, даланың да түрлі жандарын көріп жүрген өзі оқыған, әрі өткір қыз Мәмбеттен сескене қоймады (X.Есенжанов, Тар кезең).

Ол менен гөрі пысық, алғыр, өткір еді. Қабілет қай уақытта болса да көзге шалынады ғой («Лен. жас»).

Дахлияның суы ащы, шұбаты балдай,

Жорыққа мінсең жалтарғыш құр аты қандай.

Қылышы өткір ұлыстың қызы да өткір,

Сүймейді сені алдымен жылатып алмай (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).

Бірі өткір,

Бірі қайсар,

Бірі ұрыншақ,

Бірінің жаны нәзік,

Иі жұмсақ.

Жалтақтап отыратын енді бірі

Жанарын жан-жағына жиі жұмсап (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

3. ауыс. Бар шындықты бүкпесіз, батыра айтатын, қатал, шыншыл.

Абай өмір жүргізуші жуандардың барлық ісәрекетіне бұрынғыдан да өткір, қатал сынмен қарауды күшейтеді (М.Әуезов, Әр жыл.).

4. ауыс. Денеден бірден өтіп кететін, қатты (ыстық немесе суық).

Күн төмен түскендей-ақ соқты аңызақ,

Жапан түз Орынбордың жолы ұзақ.

Тым өткір күн аптабы күйдіргеннен

Жолаушы жүрген жолда жоны қызад (О.Шипин, Дастан.).