ӨТКІРЛІК

lat: ÓTKİRLİK

зат. 1. Өтімділік, кесіп түсушілік.

Барғасқа белбеуіне қоса тігілген тері қынынан пышағын алып, босағада жатқан қайраққа әрі-бері жанып, үлкен бармағымен өткірлігін байқады (С.Мыңжасарова, Қыр қыз.).

Станоктың өткірлігі сондай, темірдің өзін кеседі, сүргілейді (Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.).

2. ауыс. Батылдық, өжеттілік, алғырлық.

Өткірлігін балаймын

Нажағайдың жайына.

Біздің жастар барлаушы

Көк пен жердің қойнына,

Қиындықтан қайтпаған

Қайнап жігер бойында (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Әбдікәрім еңбекші жастардың арасынан шыққан мықты жұмыскердің бірі еді. Оның өткірлігі еңбекші, батырақ жастарының өткірлігін көрсетуші еді (Ж.Арыстанов, Естен кетп.).

Ғани ауылдан келдім, жетім өстім демеді. Өйткені оның бойында алғырлық та, өткірлік те бар еді (Ш.Өтепов, Ғани Мұратбаев).

Оның білімі, өткірлігі, іскерлігі күшті еді (Ж.Молдағалиев, Торғай толғауы).