ӨТКІРЛЕ

lat: ÓTKİRLE

ет. 1. Құрал-саймандардың жүзін қайраққа, шарыққа салып қайрау, өткір ету.

Саржан белін шешті де, қынабынан ақ семсерін суырып, қанды айқас алдындағыдай әдетімен өткірлеп қайрауға кірісті (I.Есенберлин, Қаһар).

Косилка орағын өткірлейтін қайрақты кішкене мотор жүргізеді (Ж. Молдағалиев, Айналайын.).

Әкем өзіне ермек етіп, онсыз да өткір пышағын одан бетер өткірлеп қайрап отыр (Б. Соқпақбаев, Бастан кеш.).

2. ауыс. Бір нәрсені құлпырту, әсерлі, өтімді ету.

«Айман Шолпан» да автор көмескі жерлерін ашып, әлсіз жерлерін өткірлеп, ескі мен жаңа, кәрілер мен жастар шайқасқан жерде ескілікті жаңалыққа жеңдіреді (Қ.Жұмалиев, Әдебиет.).

Осы нақылдарды ел өткірлеп, өңдеп, орайын тауып ықшамдауы да мүмкін, ойын сақтап, өрнегін жаңалауы да ықтимал (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.).

Сен, азамат, приставтың ашуына қарағанда, менің сөзімді қазақшаға тым өткірлеп аударған болуың керек (М.Дүзенов, Ант).