ӨТКІРЛЕН

lat: ÓTKİRLEN

ет. 1. Жүзі қайралу. өткір етілу.

Кетпен өткірленген сайын Майлыбайға деген кек те шыңдалып, өткірлене түсті (Ж.Тұрлыбаев, Телқоңыр).

2. ауыс. Әсері күшею.

Соғыс жылдарында махаббатқа, беріктік, адалдық сезімдер күшейіп өткірлене түсті (“Қазақстан мектебі”).

3. ауыс. Құлпыру, күшіне ену, сәніне ену т.б.

Жеткенде он алтыға өткірленіп,

Бізіндей етікшінің жылмыңдайсың.

Түлкі алып жаттықпаған балапан құс,

Бақсының жаңа пері жынындайсың (Ә.Найманбаев, Шығ.).