ӨТКІЗГІШ

lat: ÓTKİZGİSH

зат. физ. Өзінің бойына электр тогын, жылылықты өткізетін дене, материал, зат.

Ионосфера қабаты иондардан тұратын болғандықтан электр өткізгіш болады (X.Әбішұлы, Халық астрон.).

Аккумулятормен жалғасқан екінші бір өткізгіш Асылбек отауына қарай асып жатыр (Дала дауылпаз.).

Амперметр мен больтметрдің жәрдемімен өткізгіштердің кедергісін анықтауға боладыХалық мұғ.»).

// Өз бойынан өткізе алатын қабілеті бар.

Минералдардың жұқа қалақшаларының сәулені өткізуі, ұстауына қарай мөлдір (мусковит), шала мөлдір, сәуле өткізгіш (дала шпаты), күңгірт (қоңыр амфибол) болып ажыратылады (К.Сапарбайұлы Геология және гидрогеология негіздері).