lat: ÓTKİZGİSHTİK
зат. Токты, жарықты, жылуды, өткізетін қасиетінің барлығы.
Алюминий жеңіл, әрі электр өткізгіштік қасиеті бар (СССР экон. геогр.).
Магнит өрісінің өткізгіштігі келетін токтың шамасына байланысты (Т.Омаров, Күн және табиғи құбылыстар).
Судың жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігінен 20 есе артық (Жалпы биол.).
Полиэтилен пленкасы тегіс ақ, мүйіз түстес, жарық өткізгіштігі жағынан шыныға жақын (Овощ өсіру.).
Бороздаларды жердің бедері және топырақтың су өткізгіштігімен байланысты тартады (А.Ажкеев, Қант қызылшасы).