ӨТКЕН

lat: ÓTKEN

үст. 1. Кешегі, бүгіннің алдындағы.

Өткен түні жатар алдында көкемнің хатын берген едім (С.Жүнісов, Өшпейтін іздер).

2. Осының алдындағы, өтіп кеткен.

Өкінбе, өткенге де кеткенге де,

Жете алмай қалғанға да, жеткенге де.

Өкінбе, өзіңменен көп сырласып,

Көңіліңнен пыр деп ұшқан кептерге де (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Өткен жеті айдан астам мерзімде мен нағыз еңбек мектебін өткендеймін (С.Сарғасқаев, Ұстаз).

//ауыс. Тарих, тарихта қалған уақыт; бүгінге дейінгі кез.

Жеткіз жұртқа бүгінін, өткендерін,

Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.

Жадында тұтсын ұрпақ, жасырмай айт:

Ақтабан шұбырынды өткелдерін,

Аруды арам жандар өпкендерін,

Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,

"Елім-ай" Аруана шөккен жерін (М.Мақатаев, Шығ.).

Ақтөбенің түбінде, Солдат сайы,

Текелі, Жалайыр деген елімнің,

Үш жүз жылғы өткені.

Ескелді мен Балпықтың,

Бастап келген мекені (Қ.Жапсарбаев. Сөйле.).

Адам болса надандау, Жарар, бәлкім, кешіру. Өткеніңді жамандау Өзінді өзің өшіру (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).