lat: ÓZİMSHİL
сын. 1. Қара басының қамын, өз пайдасын ғана ойлайтын (адам).
Кісімсіп белгілі білгіш,
Біреуге сондай-ақ күлгіш.
Бұлықсып, бұлданып босқа,
Өзімшіл, оңбаған шерміш (Абай, Тол. жин.).
Қит етсе трибунаға шығып, аттан салу атақ құмарлардың өзімшілдердің ісі (Ә.Тәжібаев, Гүлден.).
Өзімшіл болғаным жоқ, бірақ өзгенің де қамын ойлап жарытпадым (С.Шаймерденов, Қарғаш).
Пайда-күнем, өзімшіл.
Көз бен көңлі тоймаған.
Өтірік, қулық онда бар
Әдет қылып қоймаған (Қ. Тәкежанов, Қария.).
2. ауыс. Менмен, тәкаппар, өркөкірек.
– Ендеше ғапу ет, Розажан. Өнер адамы өзімшіл болады (Т.Ахтанов, Көк-құтан).
– Өзімшілсің. Менің айтқаным тура дейсің. Жолдастарыңның сөзін тыңдағың да келмейді (Н.Ғабдуллин, Қызық.).
Өзімшіл болу жаман-ақ,
Жеттім деп биік деңгейге.
Білсем де мұны, жамағат,
Артықтау кеттім мен кейде (Қ.Мұқашев, Жер.).