lat: ÓZİMSHİLDİK
зат. 1. Өз пайдасын ойлаушылық, жеке басының мүддесін көздеушілік.
Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген нысап, құры өзімшілдік, һәрбір өзімшілдік,– әрбір адамды бұзатын фиғыл (Абай, Тол. жин.).
2. Менмендік, өркөкіректік, тәкаппарлық.
Ой жасаған! Орысқа сенім жоқ екен-ау! Әнеугіден бері ерлі-зайыпты кісідей жолдас боп жүріп, кетер күні өлтіріп кетем дегені неткен өзімшілдік, неткен тасбауырлық, неткен қанішерлік (Ж.Аймауытов, Шығ.).
– Оған өзіңнің өркөкіректігің, өзімшілдігің ғана кінәлы (Ә.Нұршайықов, Ақиқат.).
Түксиіп қара Марвар тістенеді,
Жарылып кететіндей, іште кегі.
Қызғаныш, өзімшілдік, баққұмарлық,
Қосылса не сұмдықты істемеді (3.Шүкіров, Арал.).