lat: ÓZARA
үст. Бірімен-бірі; екеуара.
– Бұл әлі шешілмеген мәселе, жолдастар. Біз әлі өзара ақылдасып көреміз (Т. Ахтанов, Дала.).
Ал енді тұяқты құстарға келсек, олар да өзара екі топтан құралады (Ә.Марғұлан, Саят құстары).
Сырттан тон пішіп, өзара келісіп жүрген ата-аналар көрінеді (Б. Тілегенов, Аққайнар).
Анда-санда жігіттердің өзара сыбырласқаны болмаса, жұрт тым-тырыс, үндерін шығармай тыңдады (С.Шарипов, Бекболат).