lat: ÓZEK
3 зат. 1. Жұтқыншақтан асқазанға дейінгі ас өтетін жол, өңеш.
Зылиқа екеуіне де қарамаған бойында, ойға түсіп, ыстық шайды өзегін күйдіре ұрттап отыр (К. Оразалин, Ақ жазық).
Манадан бері ішкен арағы өзегін өртеп бара жатқандай «уһлейді» (Ж. Тілеков, Хинган асуы.).
2. ауыс. Ең қымбат, аяулы нәрсе.
Өз елім менің, өз елім,
Қан тамыр, жүрек, өзегім.
Қарсы алар досын аялап,
Жаныммен оны сеземін (Қ. Ұябаев, Тағдыр.).