Өл де маған

lat: Ól de maǵan.

кейіс. Күл болмаса, бүл болсын, одан арман деген мағынада.

Мөстегің көтермесе, жайыңа жүр, өл де маған, сен көтеретін жүк емес екені рас, деді Жүзтайлақ (М.Әуезов, Таңд.Шығ.).

Ол оның міндеті. Ал сен неге жұмысқа шықпайсың? Өл де маған! Шықпаймын! (О.Сәрсенбаев, Сағым).

Айшаның кенет есіне түсті. Бар болғыр, қор бейшара, әке болып игілік көрсеткен күнің бар ма еді? Қақтыққан сорлы деймін-ау, өл де маған, нең бар еді?! Дейді (М.Әуезов).