Өмірлік ұстаным

lat: Ómirlik ustanym.

пед. Адамның дүниетанымдық, моральдық-психологиялық қасиеттері және оның қоғамға қарым-қатынасын білдіру арқылы көрінетін ішкі қағидасы.

Өмірлік ұстаным адам іс-әрекетінде белсенді (айналадағы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылу) немесе бәсең (қалыптасқан дәстүр мен норманы сақтау) түрінде көрініс береді. Өмірлік ұстаным жеке адамның іс-әрекетінің белгілі бір бағыттылығы (Қаз. тілі. термин. Педагогика.).

Адамның өмірлік белсенді ұстанымы еңбек процесінде айқындалады, шыңдалып беки түседі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).