Өндірісті автоматтандыру

lat: Óndiristi avtomattandyrý.

экон. Өндірісті машиналармен, жабдықпен және автоматты қондырғылармен жарақтандыру процесі.

Өндірісті автоматтандыру көмегімен жұмыстар кешені немесе жекелеген операциялар адамның тікелей қатысуынсыз орындалады немесе адамға қадағалау, бақылау, ретке келтіру және жөндеу міндеттерін ғана атқару жүктеледі (Қаз. тілі термин. Экономика.).

Өндірісті автоматтандыру машиналық өндірісті дамытудың, оны механикаландырудың неғұрлым жоғары сатысы. Өндірісті автоматтандыру адам еңбегінің немесе оның бір бөлігінің машина жұмысымен алмастырылуына қарай толық немесе ішінара (толық емес) болуы мүмкін. Егер ішінара автоматтандыруда басқаруды қосқанда адамның күш-қуаты шығынының бір бөлігі ғана жансыз табиғаттың күш-қуатымен (мыс., механикалық энергиямен, жылу немесе атом энергиясымен) алмастырылса, толық автоматтандыруда бүкіл шығын алмастырылады (Қаз. тілі термин. Экономика.).