lat: Órip júr.
Қаптап, толып жүр.
Тау қойнауындағы орманда қошқар мүйіз арқар, мүйізі қарағайдай бұғы, жүзіктің көзінен өткен сұрша құлан, қара түлкі, ақ қоян дейсің бе, өріп жүр (3.Шашкин, Сенім).
«Уақыт солай, жол солай», – Дейтін «білгіш» өріп жүр. Өзі айыпты болса да, Бәрін менен көріп жүр (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).
Бұл жерге аяқ басқан мал мен жанның көбісінің-ақ сүйегі атам заманнан бері осы шыңда ескерткіш болып жатыр. Айнала аю, қасқыр өріп жүр (Ж.Бектұров, Жол жоралғысы).