Өрістердің кванттық теориясы

lat: Óristerdiń kvanttyq teorıasy.

физ. Еркіндік дәрежесінің саны шексіз көп болатын жүйелерді (физикалық өрістерді) зерттейтін кванттық теория.

Өрістердің кванттық теориясында барлық физикалық өрістер бөлшектердің толқындық функциясынан құрылған операторлармен және солардың арасындағы орын ауыстыру қатынастарымен сипатталады (ҚҰЭ).