Өркенің өссін!

lat: Órkeniń óssin!

алғ. Көп жаса, өмірің ұзақ болсын!

Өркенің өссін, қарағым. Қандай әдепті бала едің (Р.Тоқтаров, Ертіс.).

Ой, өркенің өссін! десіп ойын көрушілер де алғыстарын ақтара айтысып қояды (М.Рашев, Бетің қисық.).

Өркенің өссін, қарағым! Сырқабақты сыйлағаның мені сыйлағаның, мен оған ризамын, деді Дүйсекең («Лен. жас»).