Өркенің өссін

lat: Órkeniń óssin [óskir].

алғ. Басқа бас қосылсын, үрім-бұтақты бол!

Өркенімді өсірмесең бар несіне адам қып жараттың? Кісіден алғыс алмасам, қарғыс алып көрген жоқ едім, талай кедейдің етігін текке тігіп беруші ем (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Өркенің өссін, Шырынкүл апа! деп, Балзия оны құшақтап тұрып екі бетінен алма-кезек емірене сүйді (С. Омаров, Өмір.).

Рахмет, балалар, өркендерің өссін. Мына шоколадты бөліп жеңдер! деп, тұман көз балаға ұсын ды (С. Шаймерденов, Өмір.).

Ата-анам: «Ей, тәңір жарылқағыр-ай! Өркенің өскір-ай!» деп ылғи игі тілек тілейді оған (Ө.Тұрманжанов, Адам адамға дос).