Өсімдік географиясы

lat: Ósimdik geografıasy.

терм. Фитогеография ботаника мен физикалық географияның өсімдіктің географиясы таралуын зерттейтін бөлімі.

Өсімдік географиясының өсімдіктің түрін, туысын т.б. таксономиялық категорияларының табиғатта таралу аймағы ареалын зерттейтін саласын фитохорология дейді. Өсімдік географиясының флористикасы бір аймақта таралған өсімдік түрлерін, флорасын, ал өсімдік географиясының экологиясы өсімдіктің тіршілік ортасына бейімделуін зерттейді (ҚСЭ).