Өсімдік майы

lat: Ósimdik maıy.

тамақ. Алуан түрлі өсімдіктер дәнегінен техникалық жолмен алынатын табиғи өнім.

Ніл сағасы содаға бай болса, мал мен өсімдік майын алу да қиынға түспейтін («Білім және еңбек»).

Өсімдік майына қыша майы, күнжіт, жүгері, күнбағыс, какао, мақта майлары жатады (ҚСЭ).

Өсімдік майы негізінен тамаққа қолданылады; сондайақ олифа, сыр, жағар май ретінде, сабын өндірісінде т.б. кең пайдаланылады (ҚСЭ).