lat: Ósimdik ragy.
бот. Зиянды саңырауқұлақ, бактериялар.
Кейде аяздың салдарынан өсімдіктің кейбір бөлігінің дұрыс өспей шектен тыс ұлғайып ісікке, бұдырға айналуы. Өсімдік рагының ең көп таралған және зиянды түрі тамырдың бактериялы рагы, алманың қара рагы, картоп рагы. Өсімдік рагы қоздырғышы өсімдікке тамырының сабағының жарақаттанған жерінен енеді, кесел қоздырғыштарының дамуына жапырақ ылғалдылығы мен жылылығының да әсері бар (ҚСЭ).