Өсімдіктердің таралуы

lat: Ósimdikterdiń taralýy.

бот. Табиғат жағдайына (ауа райы, жер беті құрылысы, топырағы т.б.) байланысты өсімдіктердің жаңа аймақты мекендеуі.

Адам қоғамының дамуына, қарым-қатынастың үдеуі өсімдіктердің таралуына едәуір әсер етіп келеді. Көптеген табиғи өсімдіктер, әсіресе, арам шөптер тез таралады, орман шабу, батпақты кептіру, жер суландыру өсімдіктердің таралуына көп әсер етеді (ҚСЭ).