lat: Ótken kún.
Осыған дейінгі кез, өтіп кеткен шақ.
Гитарыңның шектерінде
Жатыр алыс өткен күн.
Көңіліме ұялаған
Көлеңкесі кептердің (С.Мәуленов, Алыс кет.).
Бақтар гүлдеді біздің қырдағы,
Жаңбыр жауды да, көктем жырлады.
Өткен күндерден бүгін жоқ белгі,
Тұрып қасында көрдім көктемді (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
Анау – демей, бұл – демей
Өткен күнге жоқ кінә,
Қала алмадым үндемей,
Жырға зауқым соқты да (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).