lat: Ótkir radıasıa.
физ. Ядролық жарылыс кезінде тарайтын радиоактивті сәулелер (гамма-сәулелер мен нейтрондар), ядролық жарылыс кезінде пайда болып, лезде жан-жаққа тарайтын, көзге көрінбейтін және адамдар сезінбейтін сәуле ағыны.
Өткір радиацияға атом жарылысы энергиясының 10-15 пайызы кетеді. Оның әсері 10-15 секундқа созылады да, ол организм клеткаларын иондап, оған зиянды биологиялық әсерін тигізеді (Қаз. тілі термин. Әскери.).