lat: Ótpeli kezeń.
а) псих. Адам өмірінің жасөспірім шақтан бозбала, бойжеткен шаққа өтуі, балалықтан ересек өмірге аяқ басқан аралығы.
Бала есейе бастаған өтпелі кезеңді мұғалімдер шәкірттің нерв жүйесін қалыпты сақтауға, оған жағымсыз әсер етпеуге тырысады («Қазақст. әйелдері»).
ә) экон. Экономикалық жүйенің түбегейлі реформаларына байланысты ел экономикасы жаңа, сапалық өзге күйге көшетін уақыт кезеңі.