Өз үйім, өлең төсегім

lat: Óz úıim, óleń tósegim [óz úıim, keń saraıdaı boz úıim].

Әркімге мекені, тұрағы қымбат деген мағынада.

Тянь-Шань, Гималай, Тамир сияқты арқарлармен салыстырғанда, шынында да тау емес, тақия дөңдер ғана. Бірақ өз үйім,өлең төсегім дегендей, бұл менің туған жерім (Ж.Жұмақанов).

Жиренше шешен хан ордасынан үйіне келіп, күркесінен аяғы, көрпесінен сирағы шығып жатып, «айқай өз үйім, кең сарайдай боз үйім», дейді екен (Қаз. ертег.).