Өзен алабы

lat: Ózen alaby.

Су ағындары жеке өзенге немесе өзен жүйелеріне келіп қосылатын жер бетінің белгілі бір аумағы.

Кейде «су жиналатын алап» деп те аталады. Әрбір өзен алабы жер беті және жер асты (топырақ, таужыныстар қабаттары) арқылы су жиналатын алаптарға бөлінеді (ҚҰЭ).

Ең ірі өзен алабы оңтүстік Америкадағы Амозонка өзен алабы, аудан 7 180 мың км2 тең. Қазақстандағы Іле өзенінің өзен алабы ауданы 140 мың шаршы км. (Қаз. тілі термин. Су.).