Өзім деген

lat: Ózim degen.

а) Іштей жақын, пайда-қыры тиер адам мағынасында.

Қорықпа, Қорықпай-ақ қой, мен өзім деген адамды қорғай білемін (Қаз. тілі фразд. сөзд.).

ә) Айтқанына көнетін, өзіне қараған, сенген.

Аянатын нем бар?– деді Қасболат,– сендермен бірге боламын, елдегі өзім деген кедей-жалшыларды қасыма ертіп, уәде айтқан жерлеріңе жетемін (С. Омаров, Қызыл арай).