Үй тапсырмасы.

lat: Úı tapsyrmasy.

Шәкірттің сыныптан тыс, үйде орындап келуі үшін берілетін тапсырма. Ү й т а п с ы р м а л а р ы н орындау класта өтілетін сабақтар кезінде үйренгенін бекітуге, ұзақ отырып оқуға қабілеттілікке, іскерлікке, тәртіптілікке, оқуға жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді (Семья тәрбиесі). Ү й т а п с ы р м а с ы н орындап болып, жаттама өлеңін жаттады (Б.Тұрсынбаев, Айнымас достар).