зат. анат. Жатырда жатқан кезінде мал төлінің сыртын қоршап тұратын, іші сұйықтыққа толы етті дене; тұқым қабы, шуы. Биенің құлыны үйімен бірге түсті, күні жетпеген екен (Ж.Молдағалиев, Сарыарқа, 105). – Жанаш, биенің басынан арқанды ал. Бұл өздігінен құлындай алмайды. – Үйін оңап жібере алмайсыз ба, аға? – Шырағым, аянып отырмын ба? (Е.Рахимов, Тентек келін, 16).