ҮЙІК

lat: ÚIİK

з а т. Үйілген зат, нәрсе. Екі ү й і к көрпеастықтың арасы қайтадан тынши қалды (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.). Көне заманның әр кезеңінен қалған ғимараттар, зираттар, ү й і к т е р, қамалдар мен таңбалардың жалпы саны төрт жүзден асады («Білім және еңбек»). Тәбәрігін қыса түсіп әр уыс Шашырады шартарапқа дәруіш. Қараң қалған қарақұрым ү й і к т е Әлі күнге қалғып отыр кәрі құс (Д.Қанатбаев, Мың сүрлеу.).