ҮЙІРМЕ

lat: ÚIİRME

зат. Белгілі бір іспен, өнермен айналысу үшін біріккен бір топ адам.

Қысқы каникулға барар алдында шаңғышылар үйірмесінде Сәтжан шаңғы жорығына шығуды ұсынды (С.Бегалин, Уақыт тынысы).

Мектептерде әсіресе қыз балалардан үйірмелер құрып, халықтың қолөнер шеберлігін үйреткен жөн (I.Омаров, Серпін).