lat: ÚIDİ-ÚI
үст. Үй сайын, үй басы. Оқуға түскендер жақын жердегі колхоздарға аз күнге жұмысқа кетіп, қабылданғандар үйді-үйлері не тарап, кісі аяғы басылды (С.Жүнісов, Өшп. іздер).
Ауыл адамдары үйді-үйден жүгіре шықты (Б.Тәжібаев, Қараторғай).
Омар шал бастаған көрші-қолаңдар үйді-үйлеріне тарасты («Қаз. әдеб.»).
Шоқан келгенде күн батуға таянып қалған. Жұмысшылар кешкі тамаққа отырып, үйді-үйінде екен (С.Бегалин, Бала Шоқан).
Шаңды аспанға шығарып, жігіттер үйді-үйінетарады (Ж.Аймауытов, Қартқожа).