lat: ÚILESİM
зат. Жарасым, келісім; сәйкестік. Қара шалбар мен көгілдір сиса көйлек ерекше үйлесім тапқандай (М.Гумеров, Хазірет.).
АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі К.Райстың: “Қазақстан әртүрлі ұлттар мен діндердің үйлесімменқатар өмір сүріп жатқан елдердің әлемдегі ең озық үлгісі“ деп ресми мәлімдеме жасағаны белгілі (“Қаз. әдеб.”).
Этностар мен діндер арасындағы үндестік пен үйлесімді қамтамасыз етуге қызмет жасайтын осындай ықпалды құрылым қажеттілігін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халықтарының форумында көрегендікпен айтқан екен (“Қаз. әдеб.”).
Көйлекті де үйлесіміне қарай таңдады (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).
Біле алмайсың жырақта
Жатқан өмір жүйесін,
Бар секілді бірақ та
Әйтеуір бір үйлесім (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).