ҮЙРЕТУ

lat: ÚIRETÝ

Үйрет етістігінің қимыл атауы.

1. Білмегенді білдіру, оқыту.

Біліксізді үйрету

Салғандай құрық асауға.

Асылдың ізде нәсілін

Басыңды әуел қосарға (Кердері Әбубәкір, Қазағым.)

Махамбет шәкіртінің зеректігін байқап, оған бар білгенін үйретуден жалықпады (Ә.Әлішев, Батыр.)

Ағаларым мені пішен шабуға үйретуге мәжбүр болды (С.Көбеев, Орындалған арман)

Шариғат үйрету мен дін оқуынан басқаны көрмеген Иран бұл күнде дүниеде пайдаланатын оқу орындарын ашып, барлық шәһарларда бұрынғы молдалардың орнына мұғалімдер шығарды (С.Шәріпов, Бекболат.)