lat: ÚIT
1 ет. Олай ету, сөйту.
Үйтіп бүлдіріп қайтесің, жиен? (О.Сәрсенбаев, Сағым).
Абайды үйтіп ала алмайсың, барған сайын қанат-құйрығы жетіліп, тобы көбейіп барады (М.Әуезов, Шығ.)
Қой, үйтпелік , өзіміз жарасалық!
Наданмен неге бірге адасалық?!
Жаман айла, жат мінез пайда бермес,
Бойдағы мінімізге қарасалық (Ш.Құдайбердиев, Шығ.)
Жас бала ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, “ол немене?”, “бұл немене?” деп “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді (Абай, Тол. жин.)