ҮЙТ

lat: ÚIT

2 ет. Малдың бас-сирағын, кейде денесін отқа ұстап қақтау.

Үйіткен құйқа, қоңырсыған майдың исі мұрныңды жарады (Ж.Аймауытов, Шығ.)

Шайда да бір қой үйтіп алған екен (Ә.Кекілбаев, Бір шөкім.)

Терезеге жиылды приказнойлар,

Пияланы қиратып шықпақ ойлар.

Сол кезде күтір етіп үй құлады,

Астында қала берді үйткен қойлар (Ш.Құдайбердиев, Шығ.)

Гүлсара тоқтының жарты етін қазанға жуып салды, ал балалар бір-бір сирақты алып отқа үйтіп отыр (О.Бөкеев, Мұзтау.)

Аршалыдан алты қанат үйлер кеп,

Бас үйткенде, шақырған ба көп елді?

Үнді үйреткен әбжыландай ирендеп,

Ақ түтіндер көк түбіне жөнелді (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә)