lat: ÚKİ
1. зат.зоол. 1. Түнде ғана ұшатын имек тұмсық, жыртқыш құс.
Бір ауыз сөз қайырмай,
Есек көнді,
Мініп ап,
Үкіотырды сілтеп жөнді (А.Байтұрсынов, Шығ.)
Бұл сарыбалақүкібалапанын Сәменге әкесі ұстап әкеп бергенін кеше естігенбіз (З.Шүкіров, Ғажайып ғұмыр)
Үкі мен байғыз – түнгі жыртқыш. Бұлар сазды жар қабақтарда, опырылып қалған ескі құдықтарда, үйілген тастарда және молаларда ұялайды (Б.Муханов, Қазақст. өсімдік.)
Сырнайға ән құйған сыр қайда,
Мұндайда тұрмай ма есіп үн?
Үкілер қонып жүр ырғайға,
Жел шайқап солқылдақ бесігін (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.)
2. этн. Үкінің әйел адамның (қыз-келін) бас киіміне (тақия, бөрік, сәукеле т.б.) сәндік үшін тағатын, қадайтын үлпілдек жүні.
Алтын үкі былғақтап,
Былғақтаса, күй қаптап,
Ақ саусағы бұлдырап,
Ақ моншағы сылдырап,
Қара көзі мөлдіреп,
Кекіл шашы желбіреп,
Қыпша белі бұралып,
Қиғаш қасы – бір әліп,
Қыз Раушан – қызыл тал,
Өзі сері, өзі сал,
Ықыластың күйлерін
Қар суындай жүлгенің
Жүйкіткенде, жүйенің
Бәрі босап, балқыды-ау,
Шабыт шіркін шалқыды-ау! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ)
Ол кезде қыз киеді кұндыз бөрік,
Қадаған үкілері берер көрік.
Етегін оқалаған бешпент киіп,
Әсемдеп шолпы таққан, шашын өріп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.)
Назыкештің бірдеңе дегені күрең тақияға тағылған бір шоқ үкінің дірілінен ғана байқалады (Ғ.Мүсірепов, Таңд.)
Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,
Оған да үкі, тұмар тағылса да.
Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,
Кім жеңіліп, қай шеттен қағылса да (Абай, Тол. жин.)
3. Сәндік үшін тағылатын ат әбзелдерінің бірі.
Арғымақ мойындарына жез қоңырау, екі құлағында күлдіреген шашағы бар, құйрығында үкі тағылған, – дейді (К.Әзірбаев, Аңыздар сыры)
Көкшолақпен мен келдім екпіндетіп,
Қатарына іркілмей келдім жетіп.
Мені жан деп біреуі қарамайды,
Жорға мінген үкісін желпілдетіп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.)
Кетуші еді көшбасшылар ілгері озып,
Жарасып өз форымынша саясаты.
Жарысып жас балалар жүруші еді
Жаратқан үкі тағып жүйрік аты (М.Дулатов, Шығ.)
4. Батырлардың, сал-серінің, жігіт-желеңнің бас киіміне (бөрік, дулыға т.б.) сәндік үшін тағылатын үкінің жүні.
Астына әсем керін мініп алып,
Үкі тағып, тымағын алшы салып,
Домбыра, сауық-сайран, өлең құнттап,
Қызды қызық жиынға қалмай барып (С.Торайғыров, Шығ.)