ҮКІМЕТ

lat: ÚKİMET

зат. Мемлекеттің атқарушы билігінің жоғарғы органы.

“Інжілдің” аяты шіркеуде ән салуға ғана жарап қалғанын, үкіметтің төбе-төбе, том-том закондарымен іс қылатынын, олар болса бір сәрі-ау, жанаралдың “тауығыңның тұмсығы қанаса, көршіңдегі қазақты қират” деп шығарған бұйрықтарымен қарашекпендердің қимыл қылатынын Ақан сорлы қайдан білсін! (М.Жұмабаев, Шығ.)

Заманның ыңғайына аққан сеңі

Әр айғырға бір кірген байтал теңі.

Не үкімет, немесе қауымды алдап,

Арсыздықпен не болар алған шені (Ш.Құдайбердиев, Шығ.)

Үкіметтің саяси-құқықтық мәртебесі конституциямен анықталады, кейде арнайы заңнамалық актімен белгіленеді (Саяси түс. сөздік)

Қазақстан Республикасының Президенті Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкімет құрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады (ҚР Конституциясы)

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдарың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды (Заң термин. сөздігі)

2. ауыс. Өкімдік.

Малыңды жауға,

Басыңды дауға

Қор қылма, қорға татулас.

Өтірік, ұрлық, үкімет, зорлық

Құрысын, көзің ашылмас.

Ұятың, арың оянсын,

Бұл сөзімді ойлансын (Абай, Тол. жин.)

3. ауыс. Басшы, билеуші.

«Серт қылсаң тәуекелге талаптанып,

Кіргізсең заявление сотқа апарып,

Үкімет ел бастығы бәрі бірдей,

Көп надан не қылады -қара халық (Ә.Найманбаев, Шығ.)

4. ауыс. Мемлекет.

Қазақстан үкіметі де Жездіде марганец өндірісін ашуды сұраған хат жолдады жуырда, деді И.Ф.Тевосян (М.Сәрсекеев)