lat: ÚLGİ
зат. 1. Өнеге, тәлім.
Бұл ертектің желісі
Бұрынғының белгісі,
Айтып кеткен ертек қып,
Ақсақалдың үлгісі.
Әр заманның әртүрлі
Өткен екен тұрмысы (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.)
Ақынның елі сондай деп,
Үлгісі жақсы қандай деп,
Болыңдар елге өнеге.
Елі-жұртым сізге айтам,
Бірлікті бол, шырақтар (Қабан жырау, Алтын қазық)
Бригаданың тындырымды ісі, өнегелі тәлім-тәрбиесі басқаларға үлгі бола бастады (Ж.Қожабергенов, Құрылысшы.)
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқты-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай, Тол. жин.)
2. Бір нәрсеге көрнекті құрал ретінде қолданылатын зат, нұсқа.
Көйлек үлгілері көп болды (ҚазССР тарихы)
Егер өндірістік үлгісі болмаса, мұндай модельді де қолдан жасау қиын емес (К.Айманов, Физика.)
Бернелеудің өзінің де, баяндалуының сынына үлгі болуға жаралық “Қырық мысалдағы” “Иттің достығы” деген сөз, жоғарғы айтылған сынмен сынағанда мұның өз басынан да, баяндауынан да сын табылмайды (А.Байтұрсынов, Шығ.). Үлгі – қалаған заттар, бұйымдар, өнімдер және т.б. туралы ой түюге, сынауға болатын осы заттың, бұйымының, өнімнің және т.б. бір данасы (Қаз. тілі термин. Тамақ.)
3. Сән, киім кию, шаш қою формасы, моделі, түрі.
Мен моданы, жаңа үлгіні жаратам;
Жарасады жарқыраса жаңа таң;
Ел де, жер де көктемедей киінсін,
Жақсылыққа жаршы болсын жан Отан (Ж.Молдағалиев, Кісен ашқан)