ҮЛГЕРІМ

lat: ÚLGERİM

зат. пед. Оқушылардың оқу бағдарламасымен белгіленген білім, білік, дағдыны олардың тереңдігі, саналығы, толықтығы мен беріктілігі тұрғысынан меңгеру дәрежесі; оқуды меңгерушілік, игерушілік.

Оқу жылының бірінші жартысын аяқтап отырмыз, жүз процент үлгерім бердік (С.Еркебаев, Алғашқы.)

Оқушылардың жалпы денсаулығы жақсарып, сабақ үлгерімі әлдеқайда жоғарылады (Б.Хабижанов, Бала.)

Біздің мектеп бойынша бірінші тоқсандағы оқу үлгерімі 96 процент болған (С.Омаров, Қиыр.)

Үлгерім балмен бағаланып көрсетіледі (Қаз. тілі термин. Педагогика.)