lat: ÚNDİ
1 зат. Үндістанның негізгі халқы, индустар.
Мысалы, үнді халқы ірі қараны соймайды, әулие тұтады, сиырды, зебу мен буйволды тек сауын мал және көлік есебінде ғана малданады (Ә.Бектемісов, Малшы.).
Ертеден белгілі болғанымен, ең маңызды ойды әуелі үнді жазушылары көтерді (Ғ.Мүсірепов, Достық сапары.).
Бұдан бірнеше жыл ғана бұрын Бенарес шаһарында үш жүз мың үнді ағылшындардың шектен тыс талан-таражына қарсылық көрсетіп, елдің бір бұлжымас қайсарлығымен қажырын көрсететін «Дгурна» деп аталатын таңқаларлық мінезін дүние жүзінің алдына жайып салып еді (Ғ.Мүсірепов).
Ұлтына, дініне, нәсіліне, т.б. өзгешеліктеріне қарамастан үндістандықтардың бәрі (басқа елде тұрып жатқандары да үнділер деп аталады (ҚҰЭ).