lat: ÚNDİ
2 сын. 1. Үні, дауысы бар.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім,
Шеп-шеп шөжелерім! (М.Әлімбаев. Балдәурен шіркін балалық.).
Күйге түсіп айтқан кезде бір мұнды,
Күміс үнді көмекейім қылғыңды.
...Ұмтылғанда сүйенетін тіреуге...
Саған жетпей, ұстаушы едім құрбыңды (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).
Ақ жүрек, аппақ пейіл, асқақ үнді,
Ақынға әрбір үйден дос табылды.
Халықтың жүрегінде орын барда
Ол қайтсін бақ деп ұғып басқа орынды (Т.Молдағалиев, Шақырады.).
2. Дауысы зор, күшті.
Тұлғасы ерен, кең кеуделі асқақ үнді әнші (Біржан Сал) сахараның ғажайып бір алыбы боп алыпты (М.Әуезов, Шығ.).
Со бір албырт топ ішінде жалынды,
Болды-ау жастар нелер ойлы, дарынды.
Жапар – асқан математик, Жанна – әнші,
Айбол ақын болам дейтін зор үнді (3.Ыбраев, Алтайым).
Бұрын домбыра мен қобызда жеке ойналатын ән-күйлер, енді оркестрге түсіп, мәдениеттің аса үнді аспаптарымен тамаша боп орындалуға айналған (С.Мұқанов, Есею жылдары.).