lat: ÚNDESTİK
за т. 1. Бірімен-бірі сәйкестік, үйлесімділік.
Бет пішіні мен дене бітімінде үндестік жоқ (З.Қабдолов, Жалын.).
Музыка сияқты бояу мен мүсіннің де ырғағы, даму заңы, бояу мен форма үндестігі болушы еді (Т.Ахтанов, Үндістан хикаясы.).
Этностар мен діндер арасындағы үндестік пен үйлесімді қамтамасыз етуге қызмет жасайтын осындай ықпалды құрылым қажеттілігін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халықтарының бірінші форумында көрегендікпен айтқан екен («Қаз. әдеб.»).
Ұшы-қиырсыз көрінер дүниенің белгілі жүйеге құрылған үндестігін, ескере бермейтініміз өкінішті-ақ («Парасат»).
2. лингв. Сөз ішіндегі сөздердің, аралығындағы буындармен дыбыстардың үйлесіп келуі.
Сонымен үндестіктің төрт түрі бар: жуан езулік үндесу (бала, балық, қырық, қырау); жіңішке езулік үндесу (дәптер, кереге, кілем, кісі); жуан еріндік үндесу (құлқын, орұн, бұрұм, қорұқ); жіңішке еріндік үндестік (түлкү, өнөр, көрүк, түлөк). Үндестіктің осы төрт түрі қазақ тіліне тән (Қаз. тілі энцикл.).