lat: ÚNEMİ
үст. Әрқашан, әрдайым, ылғи, ұдайы.
Уа, Қуаныш қайғыменен жұбай дейді,
Үнемі қуанбассың ұдай дейді,
Пәлеме риза, қазама сабыр етпесең,
Бір алла қаһарланып былай дейді (Шал ақын, Өлеңд.).
Жүрмеген кең жайылып ол халінде,
Үнемі тұру қайда хан тағында?
Руссия мемлекетіне бағынышты
Әбілхайыр төренің хан шағында (М.Дулатов, Шығ.).
Абайдың алды осылардай айналасы бұл үшін соншалық қадірлі, қызық орта болып, үнемі сүйсіндіре жүретін (М.Әуезов, Абай жолы.).
Үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып өз бойын өзі тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, адам ба өзі (Абай, Тол. жин.).
Үнемі мазасыз реңім,
Үзбеймін көп істің легін.
Ауырлық аунақшьш түссе де.
Женілдік күтпеші, білегім (К.Салықов, Жезкиік.).
Тулақ төсеп, тон жастап,
Үй көрмеді үнемі.
Қазан асып тұтқышсыз,
Үстіне жақты күйені (О.Шипин, Дастан.).