lat: ÚNEMDİ
сын. 1. Тиімді, пайдалы.
Жем мен шөпті үнемді беру, қора астын мерзімінде тазалап тұру, белгіленген сағатта қойды сыртқа шығару, бәрі-бәрі ыждаһаттылықты талап етеді екен (Т.Айнабеков, Алғы шептегілер.).
Уақытты үнемді пайдаланбаса жұмыс өндейбі (Б.Мәдиев).
2. ауыс. Халық ішінде қадірлі.
Үнемді басқан қадамы,
Тимеген жерге табаны,
Теңселген не бір жорға бар! (О.Шоряқов, Шайыр.).